«Пентагон басшысы лауазымына лайықты тұлға ретінде қарастырылып отырған Мэттис маған өте жағымды әсер қалдырды. Ол нағыз генерал!», деп жазды Трамп өзінің Twitter желісіндегі парақшасында.CNN мәліметтері бойынша жақын күндері Трамп Мэттиспен кездескен.
Кездесу көпшілік орында емес, Нью-Джерси штатындағы Бедминстер гольф-клубының аймағында жабық жағдайда өткен.
Мэттис Барак Обаманың кезінде Ирак пен Ауғанстандағы операцияларға жауап беретін Қарулы Күштердің Орталық қолбасшылығын басқарған болатын.
Осыған дейін The Washington Post басылымы Қорғаныс министрлігінің басшылығына кандидаттардың бірі ретінде Трамптың командасы сенатор Келли Айотты да қарастырып жатқанын жазды.