Бейсенбі күні Шарлотт қаласында (Солтүстік Каролина штаты) осындай мәлімдеме жасалды.
«Кейде дауласып отырғанда, қатарынан бірнеше мәселені талқылағанда дұрыс сөздер таңдамауым мүмкін немесе дұрыс жеткізбеуім мүмкін. Менде ондай жағдайлар болды, - деді миллиардер. - Сенесіздер ме, мен сол үшін өкінемін. Әсіресе, сөздеріммен біреудің жанын ауыртқан жағдайлар үшін өкінемін».
«Трамптың өз өкінішін білдіруі науқан басталғалы 14 ай бойы ешбір қателігін мойындамаған оның стратегиясындағы күтпеген бұрылыс болды», - деп жазды CNN.