Америка президенті Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясынан шығып бара жатқанда, тілшілердің бірі одан кездесу айдың соңына дейін бола ма деп сұрады.
— Мүмкін, — деп жауап берді Трамп.
Бұған дейін Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков америкалық және ресейлік делегациялардың Эр-Риядтағы келіссөздерінің қорытындысы бойынша Путин мен Трамптың кездесуінің нақты күнін атау қиын екенін мәлімдеген.
Оның айтуынша, кездесудің келесі аптада өтуі екіталай.
Еске салсақ, кеше Сауд Арабия астанасы Эр-Рияд қаласында АҚШ пен Ресей делегациясы келіссөздері басталғанын хабарладық.