Трамп Путинді Украинадағы қақтығысты аяқтауға көндіруге ниетті екенін айтты.
— Бәлкім, мен (кездесуден кейін) шығып, сәттілік тілермін, солай аяқталуы да мүмкін. Бұл мәселені шешу қолымнан келмеуі мүмкін, — деді АҚШ президенті.
Кездесуден кейін Трамп Зеленский мен еуропалықтарға ақпарат беретінін айтты.
Алайда ол Аляскадағы саммитке Зеленскийді шақыру ниетін растаған жоқ.
Трамп кездесудің алғашқы бірнеше минутында-ақ Украина бойынша келісімге келу мүмкін бе, жоқ па — соны түсінетінін жеткізді.
Америкалық көшбасшы Мәскеумен сауда қатынастарын қалыпқа келтіруге болатынын айтып, «Ресейде өте құнды жер ресурстары бар» екенін қосты.
Сондай-ақ, Трамп түптің түбінде Путин мен Зеленскийді бір үстел басына отырғыза алатынына сенімді екенін білдірді.
Бұл ақпарат ТАСС агенттігі тарапынан Kazinform үшін арнайы ұсынылған.
Еске салайық, Трамп Путинмен кездесу үшін «Ресейге бара жатқанын» мәлімдеген болатын.
Өткен аптада ол Путинмен кездесу 15 тамызда Аляскада өтетінін жариялаған.