Трамп Путинмен кездесу үшін Анкориджге барды

Фото: x.com / @WhiteHouse

АСТАНА. KAZINFORM –Нөмірі бірінші борт жергілікті уақыт бойынша сағат 10:20-да қонды, деп хабарлайды ресейлік ТАСС.

АҚШ президенті Дональд Трамптың ұшағы Анкоридждегі Элмендорф-Ричардсон авиабазасына қонды. Мұнда Трамптың Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесуі өтеді. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз-пулы хабарлады.

Оның мәліметтері бойынша, нөмірі бірінші борт жергілікті уақыт бойынша сағат 10:20-да қонды. 

Осыған дейін Трамптың Путинмен кездесу үшін Анкориджге ұшқаны туралы хабарладық.