Трамп Ресей мен Қытайға қорғаныс бюджетін екі есе қысқартуды ұсынбақ
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей көшбасшысы Владимир Путинмен және ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен мүмкіндігінше тезірек кездесу өткізгісі келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды ресейлік ТАСС ақпарат агенттігі.
Трамптың Ақ үйде тілшілермен әңгімелесуі кезінде оған АҚШ, Ресей және Қытай арасында үшжақты саммит өткізуді қарастырып жатыр ма деген сұрақ қойылды.
- Мен бұл туралы жағдай сәл тынышталғанда ойланып көремін, - деді Трамп.
Бұл ретте ол өзінің 2021 жылы, яғни бірінші президенттік мерзімінің аяқталуы тұсында украина дағдарысы болмағанын және Таяу Шығыстағы жағдай шиеленіспегенін еске салды.
- Мен қайтып келгенде бәрі басқаша еді. Сондықтан мен бұл мәселелерді реттейтін кезде, бірінші кезкте Қытай төрағасы Симен (Цзиньпинмен), Ресей президенті Путинмен кездесуді қалаймын, - деп мәлімдеді Трамп.
Ол осы байланыстар барысында «әскери бюджеттерді екі есе азайтуды» талқылағысы келетінін түсіндірді.
- Бұл қолымыздан келеді. Менің ойымша, біз мұны істей аламыз, - деп түйіндеді Трамп.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Америка лидері Дональд Трамппен телефон арқылы келіссөз жүргізді.
Содан кейін АҚШ президенті Дональд Трамппен сөйлескен Владимир Зеленский бітімге келуді қалайтынын айтқан.
Трамптың айтуынша, оның Ресей президенті Владимир Путинмен алғашқы кездесуі Сауд Арабиясында өтеді, бұл туралы олар телефон арқылы сөйлескен кезде келіскен.
Kazinform үшін арнайы ТАСС серіктес агенттігі ұсынды.