Трамп: Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келісім бойынша жұмыс сәтті жүріп жатыр

Фото: Фото: ТАСС

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға берді, деп хабарлайды ТАСС.

— Ресей мен Украина арасындағы ортақ бейбіт келісім бойынша жұмыс сәтті жүріп жатыр, — деп жазды ол Truth Social желісінде.

25 сәуірде Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткоффтың биылғы жыл басынан бері төртінші кездесуі өтті.

РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, әңгіме үш сағатқа созылып, «конструктивті әрі өте пайдалы сипатта» өткен.

Ал Трамп Уиткоффтың бұл кездесуін жақсы деп бағалады.

Айта кетелік Трамп Ресей-Украина қақтығысының себебін атаған еді.