Трамп республикашылдар арасында көш бастап тұр. Оны Байден де мойындады

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп президенттікке үміткер республикашылдар арасында көш бастап тұр. Мұны Ақ үйдің қазіргі басшысы Джо Байден де мойындады. Kazinform бұл жайында Еuronews -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Euronews

Дональд Трамп сейсенбі күні Нью-Йоркте сексуалды зорлық-зомбылық пен жала жабу ісі бойынша журналиске қосымша өтемақы төлеуге қатысты сот ісіне қатысуы керек.