Трамп сайлаудағы заңбұзушылықтарға қарсы жарлыққа қол қоймақ

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі сайлаудағы заңбұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған бірқатар шараны қарастыратын атқарушылық жарлыққа қол қою ниеті бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды  ТАСС.

Фото: Видеодан скрин

Бұл туралы АҚШ басшысы 30 тамызда Truth Social желісінде жазды.

— Дауыс берушінің жеке куәлігі әр сайлауда міндетті түрде талап етілуі тиіс. Ешқандай ерекшелік болмауы керек! Мен бұл жөнінде атқарушылық жарлыққа қол қоямын!!! Сонымен қатар пошта арқылы дауыс беруге тек ауыр науқастар мен алыс жерде жүрген әскери қызметкерлер ғана рұқсат алуы керек. Тек қағаз бюллетеньдерді пайдаланыңыздар!!! — деді Трамп.

АҚШ астанасындағы әкімшіліктің басшысы осы айдың басында елдің сайлау жүйесін реформалау және пошта арқылы дауыс беруден бас тарту жоспары бар екенін айтқан болатын. Ол бірнеше рет бұл әдіс фальсификацияға өте бейім екенін атап өткен.

Сонымен қатар Трамп көптеген америкалық штаттарда түрлі деңгейдегі сайлау учаскелерінде сайлаушылардан құжат талап етілмейтінін де сынға алған.