Трамп төтенше жағдай жариялады

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп Ішкі қауіпсіздік министрлігінің жұмысын ішінара тоқтатуға байланысты төтенше жағдай жариялады. Тиісті мәлімдеме Ақ үйдің сайтында жарияланды, деп хабарлайды Report.

Фото: Report

Трамптың айтуынша, көлік қауіпсіздігі басқармасының (TSA) 60 мыңға жуық қызметкері жалақысыз қалды, 500-ге жуық адам жұмыстан шығып үлгерді.

— Бұл жағдайлар біздің ұлттық қауіпсіздігімізге қауіп төндіретін төтенше жағдай деп шештім, — деді ол.

Осыған байланысты президент TSA қызметіне байланысты қаражатты ведомствоның қалыпты жұмысы кезінде алатын қызметкерлерге өтемақы мен жеңілдіктер төлеу үшін пайдалануды тапсырды.

Көлік қауіпсіздігі басқармасы Ішкі қауіпсіздік министрлігінің құрамына кіреді және АҚШ әуежайларында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауап береді.

Айта кетейік, АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай шығарылатын 100 долларлық банкноттарда қазынашының қолтаңбасының орнына президент Дональд Трамптың қолтаңбасы болады.