Трамп Signal чатындағы жанжал аясында Пентагонға қолдау білдірді
АСТАНА. KAZINFORM – Президент Дональд Трамп АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсетке қолдау білдіріп, Signal топтық чатында әскери жоспарды жариялаумен байланысты кез келген алаңдаушылық бекер екенін айтты, деп хабарлайды Кazinform меншікті тілшісі The New York Times Басылымына сілтеме жасап.
Осыған дейін Трамп Хегсетке толықтай сенетінін айтқан болатын.
- Ол өзінің жұмысын лайықты атқарып жатыр, оны хуситтерден сұраңыздар, олардың жағдайы қалай екен, қазір деді президент Құрама Штаттар өткен айда әскери соққы жасаған Йемендегі көтерілісшілер тобын меңзей отырып.
Президент Пасхадағы шаралардан соң тілшілерге берген сұхбатында Хегсеттің қателесу мүмкіндігі туралы болжамды жоққа шығарды.
- Ол өз ісін жақсы атқарып жатыр. Бұл жай ғана фейк ақпараттар ғой, олар ойдан шығара береді. Меніңше бұл наразы қызметшілердің істеп отырғаны. Оны жаман адамдардан арылу үшін тағайындадық, ол тап осы іспен айналысып жатыр, - деді Трамп.
Осыған дейін АҚШ әуе күштерінің Йеменге әуеден соққы жасап жатқаны туралы жаздық.