Трамп Сирияға қарсы санкцияларды жеңілдету туралы жарлыққа қол қояды
ВАШИНГТОН. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп бүгін Сирияға қарсы америкалық санкцияларды жеңілдету туралы жарлыққа қол қояды. Бұл туралы Ақ үйде аккредитацияланған CBS телеарнасының тілшісі Дженнифер Джейкобс X әлеуметтік желісінде хабарлады, деп жазады ТАСС.
– Бүгін Трамп Сирияға қарсы санкцияларды жұмсартуға қатысты жарлыққа қол қояды, – деп жазған Джейкобс.
4 мамырда Трамп Эр-Риядта Сирияның уақытша басшысы Ахмед аш-Шараамен келіссөз өткізді. Бұл – осы екі ел басшыларының соңғы 25 жылдағы алғашқы кездесуі болды. Америка президенті Вашингтонның Сирияға ондаған жылдар бойы, Хафез Асад пен оның ұлы Башар Асад билігі кезінде енгізілген шектеулерді жою процесін бастайтынын мәлімдеген.
Айта кетейік, бұған дейін Сенат Трамптың мемлекеттік шығыстарды қысқарту туралы заңына дауыс бергенін жаздық.