Трамп стратегиялық криптовалюта резервін құрмақ: биткоин бағасы көтерілді
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі алғашқы цифрлық активтердің мемлекеттік резервін құру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы ол Truth әлеуметтік желісінде хабарлады.
Фото: freepik
Сондай-ақ, жұмыс тобына тек Bitcoin емес, сонымен қатар балама криптовалюталардың – Ethereum, Ripple, Solana және Cardano-ның стратегиялық резервін құру тапсырылғаны мәлім болды.
«Мен Америка Құрама Штаттарының әлемнің крипто астанасы болатынына сенімдімін», - деп жазды Трамп өзінің сайлауалды уәделерін еске салып.
Фото: Truth Social
Бұған дейін биткоин Трамптың тарифтері аясында құлдырады.
Еске салайық, Чехияның Ұлттық банкі ЕО-дағы крипто-активтердің бірінші ұстаушысы болуы мүмкін.
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.