Трамп TikTok-қа оралып, платформаны «сақтап қалғанын» мәлімдеді

Фото: Oxu.az

АСТАНА.KAZINFORM - АҚШ президенті Дональд Трамп TikTok әлеуметтік желісінде жаңа бейнежазба жариялап, өзінің арқасында платформа жұмыс істеп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

- Барлық жас TikTok қолданушылар, мен TikTok-ты сақтап қалдым. Сондықтан маған қарыздарсыңдар, - деді Трамп видеода.

Ол видеода жастардың оны қазір Ақ үйден көретінін, бір күні олардың бірі сол жерде отырып тамаша жұмыс істейтінін айтты.

Бұл Дональд Трамптың 2024 жылғы сайлаудан кейін TikTok-қа бірінші рет оралуы, ол платформада бір жылға жуық уақыт болмады.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айының соңында АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай төрағасы Си Цзиньпин TikTok бойынша келісім жасап, кездесу белгілеген болатын.

Бұған дейін Ақ үй TikTok аккаунтын ашқанын хабарлаған едік.