Бұл туралы ол Twitter микроблогында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Олай болмаған жағдайда Трамп автоконцерн өнімдерінің импортына жоғары салықтар салуға уәде етті.
«Toyota Motor АҚШ үшін Corolla автокөліктерін құрастыру мақсатында Бахада (Мексика) зауыт салатынын мәлім етті. Бұлай бола қоймас! Зауытты АҚШ-та салыңдар немесе шекарада үлкен салықтар төлейсіңдер», - деп ескертті Трамп.
3 қаңтар күні Дональд Трамп General Motors-ты көліктерді Мексикада құрастырып, оларды АҚШ-қа баж салығынсыз кіргізетінін сынға алған еді. Әңгіме шағын седан және хэтчбек - Chevy Cruz модельдері турасында болып отыр.
Сол күні Ford компаниясы Мексикада жаңа зауыттың құрылысына 1,6 млрд. доллар инвестиция құю жоспарынан бас тартатынын мәлім етті. Оның орнына автоөндіруші АҚШ ішінде өндірісті дамытуға 700 млн доллар жұмсауды көздеп отыр.
29 желтоқсан күні Трамп оның әкімшілігі басшылыққа алатын екі ережені атады - «америкалық тауарды сатып ал» және «америкалықтарды жұмысқа жалда».