— Бірақ бұл НАТО формасында емес. Себебі… білесіздер, кейбір нәрселер ешқашан болмайды, — деп атап өтті Трамп, Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге бара жатқан жолда ұшағы бортында тілшілерге берген сұхбатында.
Ол сондай-ақ:
— Иә, Еуропамен бірге – бұл мүмкін, — деп қосты, Украинаға АҚШ тарапынан қауіпсіздік кепілдіктері берілуі мүмкін екенін меңзеп.
Алайда Трамп бұл мәлімдемеге қатысты ешқандай нақты ақпарат бермеді.
Еске сала кетейік, Трамп Путинмен кездесуге Анкориджге ұшты.
Артынша Аляскадағы келіссөздерге қатысатын АҚШ делегациясының құрамы жарияланды.