Трамп ұшағы Флорида штатында басқа ұшақпен соқтығысты

Фото: pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың ұшағы Уэст-Палм-Бич (Флорида) әуежайында басқа ұшақпен соқтығысты. Бұл туралы сейсенбіде Reuters хабарлады, деп жазды ТАСС ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, халықаралық әуежайда Трампқа тиесілі Boeing 757 ұшағының қанаты басқа ұшақты соққан. Атап өтілгендей, оқиға жексенбі күні болған.

Бұған дейін Boeing Alaska Airlines әуе компаниясына қаңтарда Boeing 737 MAX ұшағымен болған оқиғадан кейін шығын үшін өтемақы ретінде 160 млн доллар төлеген. Онда әуе лайнері саңылаудың пайда болуына байланысты көп ұзамай шұғыл қонып, фюзеляждың бір бөлігін жоғалтты.

Қаңтар айында Boeing 737 MAX ұшағындағы төтенше жағдайдан кейін Федералдық авиация басқармасы (ФАБ) ұшақтардың осы түрін пайдалануды және оларды тексеруді уақытша тоқтатуға бұйрық берді. Тексеру жұмыстары алты аптаға созылды және ұшақ фюзеляжын шығаратын Boeing және Spirit AeroSystems компанияларына әсер етті.

The New York Times-тің наурыз айында хабарлауынша, Boeing ФАБ тексерулерінің 89-ының 33-нен өте алмаған.