Трамп: Вашингтондағы Триумфальді арка әскери мақсатта пайдаланылады

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social желісінде жазба жариялап, Вашингтондағы болашақ Триумфальді арканы дрондар мен снайперлерді орналастыруға арналған әскери кешенмен біріктіру жоспарын жариялады.

Фото: Ақ үй

– АҚШ Қарулы Күштерінің шұғыл өтініші бойынша және ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін мен керемет Триумфальді арканы [...] бірінші дәрежелі әскери кешенге/Триумфальді аркаға айналдыруға келістім, - деп жазды Трамп.

Оның айтуынша, нысанда көптеген дронды орналастыру және сақтау жоспарланып отыр. Шатыр мен іргелес алаңға мергендер орналастырылады. Ал кешенде мерген мылтықтарына арналған оқ-дәрілер болады.

Трамптың айтуынша, мұндай нысан әлемнің басқа ешбір жерінде болмайды.

АҚШ президенті өз жазбасында Вашингтон әлемдегі 59 ірі қала мен астананың ішінде Триумфальді арка жоқ жалғыз қала екенін атап өтті.

Айта кетейік, АҚШ мұхит ортасындағы әуежайды жаңартуға 100 млн доллардан астам қаржы жұмсамақ.