- Венесуэла АҚШ-қа қоныстанған барлық венесуэлалық заңсыз мигранттарды, соның ішінде Tren de Aragua бандасының мүшелерін еліне қайтаруға келісті, - деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.
АҚШ президенті Венесуэланың оларды тасымалдауға да келісім бергенін атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трамптың ерекше тапсырмалар жөніндегі уәкілі Ричард Гренелл Каракаста болып, Венесуэла президенті Николас Мадуромен кездесті. Гренелл венесуэлалық заңсыз мигранттарды еліне қайтару және бірқатар америкалық азаматты босату мәселелерін талқылады.
Жұма күні кешке Трамптың өкілі Боливар Республикасынан алты АҚШ азаматының босатылғанын хабарлады.
Осыған дейін Трамптың 1 ақпаннан бастап үш елден келетін тауарларға баж салығын енгізетіні туралы хабарладық.