Трамп: заңсыз иммигранттар үшін баспана болған қалалар қаржыландырудан айырылады

Фото: Фото: Anadolu

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ билігі құжат әзірлеп жатыр, оған сәйкес заңсыз мигранттарға пана ұсынатын кез келген қала немесе штат федералдық қаржыландырудан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды ТАСС.

 Бұл туралы АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп мәлімдеді.

— Пана ұсынатын қалаларға енді жол жоқ. Олар құрбандарды емес, қылмыскерлерді қорғайды. Елімізді масқара етіп, бүкіл әлемге күлкіге қалдырады. Біз осыған жол беретін кез келген қала немесе штатты федералдық қаржыландырудан айыруға мүмкіндік беретін құжаттар дайындап жатырмыз, — деп жазды Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Трамп бұған дейін де АҚШ-тың көші-қон саясатын қатаңдату қажеттігін бірнеше рет айтқан болатын.

20 қаңтарда президент қызметіне кіріскеннен кейін ол Мексикамен шекарада төтенше жағдай режимін енгізу туралы жарлыққа қол қойды.

АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігі құқық қорғау органдарының өкілеттігін кеңейтіп, заңсыз мигранттарды елден иммиграциялық соттың шешімінсіз, яғни жеделдетілген тәртіппен депортациялауға рұқсат берді. New York Post газетінің Ішкі қауіпсіздік министрлігіндегі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, Трамптың инаугурациясынан кейін елден 100 мыңнан астам адам шығарылған.

Айта кетелік Трамп мигранттарға күніне 1000 долларға жуық айыппұл салуды жоспарлап отырғаны туралы жазған едік