Ақтөбеде көпір үстінде қарсы бағытқа шыққан той кортежінің жүргізушісі жазаланды

Фото: Видеодан алынған скрин

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Той кортежіне қатысқан 5 көлік иесіне 11 хаттама толтырылды. 

Ақтөбе қалалық патрульдік полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге монторинг жасап, жол ережесін бұзған той кортежін анықтады. Оқиға 5 шағын аудандағы көпір үстінде болды. Видеодан той кортежінің алдындағы жеңіл көліктің қарама-қарсы бағытта қозғалғанын, алдыңғы терезесінен жігіттің жартылай шығып тұрғанын көруге болады. Сонымен бірге көліктерге арнайы жарық құрылғыларын заңсыз орнатып алған. 

— Патрульдік полиция қызметкерлері дереу шара қолданып, көлік жүргізушісіне Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 603-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік арнайы тұраққа қойылды. Жол ережесін бұзған өзге де жүргізушілерді әкімшілік жауапқа тарту хаттамасы толтырылып, іс құжаты сотқа жолданды, — деп хабарлады Ақтөбе қалалық ПБ патрульдік полиция бөлімінің рота командирі Д. Хасенов.

Той кортежіне қатысқан 5 көлік иесіне 11 хаттама толтырды.

Еске салсақ, Ақтөбеде Toyota Alphard жүк көлігімен соқтығысып, төрт адам мерт болды. Оқиға Әйтеке би ауданының Белқопа ауылы маңында тіркелді