Бұл туралы Ақ үйдің аппарат басшысының орынбасары Дэн Скавино мәлім етті.
— Дәл қазір Трамп Сопақ кабинетте Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөлйесіп жатыр, — деп жазды Скавино X әлеуметтік желісіне.
Еске сала кетейік, Трамп өзінің Путинмен арадағы әңгімесі туралы пікірін жазған еді. АҚШ пен Ресей президенттері сейсенбі күні телефонмен сөйлескенде, Украинада «барлық энергетикалық және инфрақұрылымдық мәселелер бойынша атысты дереу тоқтатуға» келісті.