Трамп жала жапқаны үшін BBC-ді сотқа берді

Фото: Flickr / Tim Loudon

АСТАНА.KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні BBC корпорациясына қарсы ар-намысы пен қадір-қасиетін қорғау жөнінде сотқа талап-арыз түсірді, деп жазды Синьхуа.

Ол британдық хабар тарату корпорациясын Капитолийдегі тәртіпсіздіктерге қатысты өз сөзін бұрмалап, дұрыс өңдемеді деп айыптап отыр.

БАҚ мәліметінше, Дональд Трамп кемінде 5 миллиард АҚШ доллары көлемінде өтемақы талап еткен.

Сотқа жүгінер алдында Ақ үйдегі Оваль кабинетінде журналистерге берген түсініктемесінде Трамп:

— Олар табан астында менің аузыма сөз салды. Мен ешқашан айтпаған сөздерді айтқандай етіп көрсетті, — деді.

Еске сала кетейік, Дональд Трамп BBC тілшілерін 2024 жылғы АҚШ президент сайлауының қорытындысына әсер етуге тырысты деп айыптаған еді.

Сол кезде Трамп: 

— BBC-дегі басты тұлғалар, соның ішінде бастығы Тим Дэйви 6 қаңтарға қатысты менің өте жақсы (мінсіз!) сөзімді бұрмалағаны үшін жұмыстан шығарылды. The Telegraph-қа осы жемқор «тілшілерді» әшкерелегені үшін рахмет. Бұлар президент сайлауының қорытындысына әсер етуге тырысқан опасыз адамдар. Оның үстіне, олар көптеген адамдарды біздің басты одақтасымыз деп санайтын басқа елдің тумалары. Бұл – демократия үшін сұмдық жағдай, — деп Truth Social-ға жазған болатын.

The Daily Telegraph мәліметінше, BBC-дің өткен жылдың қазан айында АҚШ президент сайлауы қарсаңында эфирге шыққан Panorama бағдарламасында Трамп сөзі АҚШ Капитолийін басып алуға шақырып жатқанын көрсететіндей етіп өңделген, ал шын мәнінде ол азаматтық көзқарастарды бейбіт жолмен білдіру қажеттілігі туралы айтқан. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт бұған дейін BBC-ді жалған ақпарат берді деп айыптаған.