Трамп Жаңа жылды Сильвестр Сталлони және өзге 800 қонақпен бірге қарсы алмақ
03:27, 31 Желтоқсан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп 2017 жылды өзінің Флоридадағы резиденциясында 800-ден астам қонақпен бірге қарсы алады, деп хабарлады жұма күні The Hill.
Олардың арасында киноактер Сильвестр Сталлони және музыкалық продюсер Куинси Джонс бар.
"Мар-а-Лаго" резиденциясында қонақтарға алдымен коктейл, содан кейін мерекелік ас ұсыну жоспарланып отыр, соңынан - би.
Трамппен бірге Жаңа жылды оның зайыбы Мелания және кіші ұлы Баррон қарсы алатын болады.