Трамп «жасанды интеллект» терминіне ресми түрде тыйым салмақ

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп жақын арада «жасанды интеллект» терминін қолдануға ресми түрде тыйым салып, оны «суперинтеллект» сөзімен алмастыруды көздеп отырғанын мәлімдеді. Ол бұл туралы өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде жазба қалдырды.

Фото: Anadolu Agency

– The Wall Street Journal жасанды интеллект деген өте сәтсіз әрі дәл емес терминді қашан «суперинтеллект» деп атай бастайды? Мұны қазірдің өзінде барлығы дерлік қолданып жүр немесе жақын арада қолдана бастайды. Біз жақын уақытта терминнің алшақтығына байланысты «ЖИ« және «жасанды интеллект» атауларын барлық тиісті құжаттарда және басқа да жағдайларда қолдануға ресми түрде тыйым саламыз, – деп жазды АҚШ басшысы әлеуметтік желіде.

Бұған дейін Трамп Ақ үй өзі ұсынған «суперинтеллект» атауының орнына «жасанды интеллект» терминін қолданатындарды қарсы тарап ретінде қабылдайтынын мәлімдеген-ді.

Еске сала кетейік, қыркүйек айының соңында АҚШ президенті федералдық ведомстволарға ресми хат-хабарларда, жария мәлімдемелерде және құжаттарда жаңа терминді қолдануды міндеттейтін жарлыққа қол қойған еді.