Трампқа пара алу ісі бойынша үкім 10 қаңтарда шығады

Фото: Фото: yahoo.com

АСТАНА. KAZINFORM – Сот жаңадан сайланған президент Дональд Трамптың істі тоқтату туралы өтінішін қабылдаған жоқ және ол үкімді ұлықтау рәсіміне он күн қалғанда, 10 қаңтарда шығаратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі NBC News-ке сілтеме жасап.

Судья Хуан Мерчан Дональд Трамптың үкім шығаруға жеке өзі немесе виртуалды түрде қатыса алатынын, бірақ ол оны түрмеге жабуға бұйрық бермейтінін мәлімдеді.

Судья Трамптың үкімді бұзу туралы өтінішін қабылдаған жоқ, ол 12 алқаби бірауыздан сотталушыны алдау ниетімен іскерлік жазбаларды бұрмалау, соның ішінде заңсыз жолмен президенттік сайлауды жылжыту үшін қастандық жасау немесе жасыру ниеті бойынша кінәлі деп танығанын атап өтті.

Еске сала кетсек, 2024 жылдың сәуірінде Нью-Йоркте АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың порножұлдыз Сторми Дэниэлске 130 мың доллар төлеу ісі бойынша сот процесі басталды.

Нью-Йорк cотында алқабилер АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты 2016 жылғы сайлау алдында бұрынғы порноактриса Сторми Дэниэлске қатысты төлемақыны сайлаушылардан жасыру үшін қаржы есебін бұрмалағаны үшін кінәлі деп тапты.

- Осы кезеңде соттың айыптау үкімімен бекітілген қандай да бір бас бостандығынан айыру жазасын тағайындамау ниеті туралы айту орынды сияқты, - деп жазды судья өз қаулысында.

Жұма күні кешке Дональд Трамп Truth Social сайтындағы жазбаларында судьяны, шешімді және жалпы істі сынға алды.

- Бұл заңсыз саяси шабуыл – жалған фарстан басқа ештеңе емес, - деп мәлімдеді Дональд Трамп.

Трамптың баспасөз хатшысы Стивен Чунг бұл шешімді «Жоғарғы соттың иммунитет туралы шешімін және басқа да қалыптасқан сот тәжірибесін тікелей бұзу» деп атады.

- Бұл заңсыз іс мүлдем қозғалмауы керек еді және Конституция оны дереу тоқтатуды талап етеді, - деп қосты Чунг.

Дональд Трамп үкім шығару процесіне жеке өзі келе ме, әлде виртуалды түрде келуді жоспарлап отыр ма, белгісіз.

Осыған дейін АҚШ-қа соңғы онжылдықтағы ең қатты боран соғуы мүмкін екені туралы жаздық.