- Олар бұған келісті, Украинада сайлау болады, -деді Стив Уиткофф Такер Карлсонға берген сұхбатында.
Уиткофф сонымен қатар Украинаның НАТО мүшесі болмайтынын атап өтті. Бірақ украиндықтармен «бесінші пункт» жөнінде әңгіме болды. Оның талаптары бойынша, НАТО-ның әрбір мүшесі өзге мүшелерден көмек алады. Бұл ретте әңгіме Украина НАТО мүшесі болмаса да осындай көмекті алуға құқылы ма, деген сауал төңірегінде өрбіді.
- НАТО-ға келетін болсақ, Зеленский мен оның «оң қолы» Ермак НАТО-ға мүше болмайтынын мойындады деуге болады, - деді арнайы өкіл.
Осыған дейін Трамптың Украина бойынша келіссөздердің бағыт-бағдары айқындала бастағаны туралы айтқанын жаздық.