Трамптың арнайы өкілі Газа келіссөздері үшін Қатарға келді

Фото: x.com/ @Radio1Rai

АСТАНА.KAZINFORM - ХАМАС АҚШ-тың арнайы өкілі келісімнің келесі кезеңі бойынша келіссөздерді бастауға көмектеседі деп үміттенеді, ал Израиль бірінші кезеңді ұзартқысы келеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

АҚШ-тың Таяу Шығыстағы арнайы өкілі Стивен Уиткофф Израиль мен ХАМАС арасындағы Газа секторындағы қазіргі атысты тоқтату келісімін ұзартуға бағытталған жанама келіссөздерге қатысу үшін Катарға келді, деп хабарлайды The Times of Israel. Сәрсенбіде Уиктофф Катар премьер-министрі Мұхаммед бин Абдулрахман әл-Танимен кездеседі.

Ол бұған дейін Қатарды делдалдық әрекеттері үшін мақтап, Мысыр, Сауд Арабиясы және БАӘ де көмек көрсеткенін айтты.

Израиль АҚШ атысты тоқтатуды екі айға ұзарту ұсынысын алға тарта алады деп үміттенеді. Оның барысында ХАМАС кепілге алынғандардың жартысын дереу босатуы керек, деп хабарлады сейсенбіде Израильдің ресми өкілі.

ХАМАС бұл ұсынысты қабылдамай, тараптар қаңтарда келісілген шеңберді ұстануды талап етеді. Кепілге алуды тоқтату туралы үш кезеңдік келісімнің бірінші кезеңі 1 наурызда аяқталды. ХАМАС соғысты біржолата тоқтату үшін қалған кепілге алынғандарды босату келісімінің екінші кезеңін бірнеше рет талап етті.

ХАМАС-қа қысым

Сейсенбі күні Израильдің 12-ші арнасы халықаралық делдалдардың – Қатар, АҚШ және Мысыр – ХАМАС-ты ұсынысты қабылдау арқылы ниетінің маңыздылығын көрсетуге итермелейтінін хабарлады. Мұндай қадам атысты тоқтату туралы кеңірек келісімдерге қол жеткізуге көбірек уақыт бере алады.

Телеарнаның хабарлауынша, келісім бойынша ХАМАС 60 күндік атысты тоқтатуға айырбас ретінде америкалық-израильдік Эдан Александрды қосқанда 10 тірі кепілді босатады.

The Times of Israel басылымы ХАМАС тарапынан келісімнің екінші кезеңіне өтпей-ақ, атысты тоқтатуды ұзақ мерзімге ұзартуға келісу «ниеті» бар деп хабарлайды. Палестиналық топ бұл ұсынысты қабылдау үшін Израиль түрмелерінде ұсталған қозғалыстың жоғары лауазымды мүшелерін босатуды талап етуі мүмкін.

Айта кетейік, 10 наурызда Израильдің энергетика министрі Эли Коэн Газа секторына электр қуатын беруді дереу тоқтату туралы шешім қабылдағанын хабарлаған болатын. Бұдан бұрын да атысты тоқтату келісімінің 42 күндік бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін Израиль Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуді тоқтатқан.

АҚШ пен Хамас 1997 жылдан бері алғаш рет тікелей келіссөздер жүргізетінін жазған болатынбыз.