Трамптың арнайы өкілі Украинадағы соғысты 24 сағатта тоқтату жөнінде пікір білдірді

Фото: Фото: OSINTdefender / Х

АСТАНА. KAZINFORM - АҚШ президенті Дональд Трамп 2024 жылы сайлауалды науқаны барысында Украинадағы соғысты 24 сағатта тоқтата алатынын айтқан болатын.

Трамп осы істі жүзеге асыра алатынын өзінің инаугурациясына, яғни 20 қаңтарға дейін мәлімдеген еді.

Халақыралық істер жөніндегі кеңестің баспасөз мәслихаты барысында АҚШ президентінің арнайы өкілі Кит Келлог Трамптың сайлау алдындағы уәдесі туралы қалжыңдады.

- Президенттің Украинадағы соғысты 24 сағатта тоқтататынын айтқаны естеріңізде болар. Біз оның қай жылы және қай күні екенін нақтылаған жоқпыз, - деді Кит Келлог.

Айта кетейік, Трамп Мәскеу мен Киевті бейбіт келіссөздерді бастауға шақырды.