Трамптың азаматтыққа шектеу қою жарлығы Жоғарғы сотқа жетті

Фото: instagram.com/realdonaldTRUMP

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ Жоғарғы соты Трамптың жаңа туған сәбиге азаматтық беруді шектеуге арналған жарлығының заңдылығын шешеді, деп хабарлайды BBC.

АҚШ Конституциясына 14-ші түзету ұзақ уақыт бойы шетелдік дипломаттардың балаларын қоспағанда, АҚШ-та туылған кез-келген адамға автоматты түрде азаматтық беру ретінде түсіндірілді және онда: «Америка Құрама Штаттарында туылған немесе натурализацияланған және олардың юрисдикциясына жататын барлық адам Америка Құрама Штаттары мен олар тұратын штаттың азаматтары» делінген.

Бұл түзетілім 1857 жылы Дред Скотт ісі бойынша АҚШ Жоғарғы сотының шешіміне жауап ретінде енгізілді. Сол шешімде құлдардың ұрпақтары азамат емес деп танылған еді.

— Дональд Трамп өз қызметіне кіріскен алғашқы күні АҚШ-та заңсыз тұрған ата-аналардың балаларына туғаннан бері азаматтық беруді тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Бұл жарлық сотта талқыланғаннан кейін бірнеше федералдық сот судьялары оның Конституцияға қайшы екенін мәлімдеді, екі федералдық апелляциялық сот бұл шешімді растады. Содан кейін Трамп Жоғарғы сотқа жүгінді, — делінген хабарламада.

Маусым айында Жоғарғы сот президенттің пайдасына шешім шығарды, төменгі деңгейдегі соттардың қабылдаған шектеулері олардың өкілеттігінен тыс екенін анықтады.

Жоғарғы сотта істі қарау күні әлі белгіленген жоқ. Pew Research Center деректеріне сәйкес, 2022 жылға қарай АҚШ-та заңсыз иммигранттардың 1,2 миллионы туғаннан бері азаматтық алған.

Трамптың жаңа туған сәбиге азаматтық беруді шектеу туралы жарлығы демократтардың наразылығын туғызды. Содан кейін судья уақытша Трамптың жарлығын тоқтатты.

Айта кетелік Судья Трамптың туу құқығы бойынша азаматтық туралы жарлығына уақытша тыйым салған еді.