АСТАНА. KAZINFORM— АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың соты өтіп жатқан Манхэттендегі сот ғимаратының алдындағы шағын саябақта жас жігіт өзіне сұйықтық жағып, өртеп жіберген, деп хабарлады ВВС.
«Ол сондай-ақ түрлі-түсті брошюраларды ауаға лақтырды», деп хабарлады BBC тілшісі Нада Тофик.
Сот сыртындағы кезекші полиция қызметкерлері өрт ер адамға қарай ұмтылды. Қатты күйік шалған оны зембілмен алып кеткен.
Көп ұзамай Нью-Йорк полиция департаменті жәбірленушінің ауыр халде ауруханаға жеткізілгенін және айналаның қауіпсіз екенін хабарлады.
Ер адамның әрекетінің себептері әзірге белгісіз.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.