«Бұл тағы да болып жатыр. Флорида штатындағы Вест Палм-Бичтегі Трамп гольф алаңдарында атыс болды. Жергілікті құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұталар арасынан АК-47 автоматы табылған. Қолда бар мәліметтер бойынша, күдікті ұсталды», - деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Бұған дейін Дональд Трампқа жаңа қастандық жасалғаны хабарланған болатын.
Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ-тың Пенсильвания штатында сайлауалды акциясы кезінде Дональд Трампқа қастандық жасалғанын жазған болатынбыз.
Оның құлағы жарақаттанды, бір митингке қатысушы қайтыс болды, тағы екеуі ауыр жарақат алды. Атқан адамды құпия қызмет өлтірген.
Wall Street Journal басылымы АҚШ республикалық партиясының кандидаты Дональд Трампқа оқ жаудырған 20 жастағы Томас Мэтью Крукс туралы жаңа мәліметтерді ашты.
Солтүстік Каролина штатының Ашеборо қаласында көшеде сөйлеген сөзінде Трамп оқ өткізбейтін әйнектің артында сөйлеуді жөн көрді.
Ақпаратты Kazinform агенттігі үшін арнайы ТАСС серіктес агенттігі ұсынды.