Ортасында Trump Tower ғимараты бар Нью-Йорк үйлерінің кескіні бейнеленген сурет қара маркермен салынған және алтын жиектемемен көмкерілген. Суреттің астында Трамптың қолы қойылған.
Лоттың сипаттамасында оның 2005 жылы сауатсыздықпен күрес үшін қаржы жиналған қайырымдылық іс-шарасында жасалғандығы жазылған. Мұндай суретті сол уақытта көптеген танымал азаматтар салған болатын.
08:20, 25 Шілде 2017
Трамптың қолымен салынған сурет аукционға қойылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Дональд Трамптың 2005 жылы өзі салған суреті Нейт Сандерс аукционына 9 мың доллар бастапқы мөлшерлемесімен қойылады, деп хабарлайды The Hill.