АСТАНА. ҚазАқпарат - Дональд Трамптың қызы Иванка АҚШ президенті әкімшілігіне қызметке орналасты. Ол президенттің кеңесшісі лауазымына ие болды, деп жазады Би-би-си.
Айта кетейік, бұл қызметтегі адамға жалақы төлеу қарастырылмаған.
Иванканың президенттің кеңесшісі болатыны 20 наурыз күні мәлім болған. Ол жолы Ақүйде жеке кабинеті болатыны туралы хабар тараған. Сондай-ақ, Иванканың президент әкімшілігінде ресми лауазымы болмайтыны туралы да ақпарат болған.
Америка бұқаралық ақпарат құралдарында Трамптың қызы құпия ақпараттарға қол жеткізе алатыны және оның кеңсесі Ақүйдің батыс бөлігінде болатыны туралы жазылған еді.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.