Трамптың немересі Си Цзиньпинге арнап қытай тілінде ән шырқады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Дональд Трамптың бес жасар немересі, Иванка Трамп пен Джаред Кушнердің қызы Арабелла Кушнер Флорида штатындағы 'Мар-а-Лаго' поместьесіне келген ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге арнап қытай тілінде ән шырқап берді.

Арабеланың ән шырқаған видеосын Иванка Трамп өзінің Twitter-дегі ресми парақшасына жариялады.