Ол президенттен қылмыстық істер туралы твит жазып, сол істерге байланысты ресми мәлімдеме жасауды доғаруын сұрады.
Бас прокурордың айтуынша, Д.Трамптың президенттің бұрынғы кеңесшісі Роджер Стоунның ісіне қатысты жазбалары министрлік жұмысын қиындатуда.
«Трамп жеке өзіме бұл іс бойынша ештеңе айтпады. Ал оның министрлік, ведомство қызметкерлері, судьялар туралы жазбалары бізге кедергі жасайды. Қылмыстық істер туралы твит жазуды доғаратын уақыт келді. Себебі бұл міндет Әділет министрлігінің құзырында», - деді министр.
Айта кету керек, АҚШ басшысы қаңтар айында Twitter-ге бір күнде жариялаған жазбалардың саны бойынша өз рекордын жаңартқан болатын.