Министрлікті басқаруға Виргиния штатының Шығыс округінің аймақтық прокуроры Дана Боенте тағайындалды, деп жазады ресейлік «РИА Новости» агенттігі.
«Прокурор міндетін атқарушы Салли Йейтс Құрама Штаттарды қорғауға бағытталған заңды жарлықты орындаудан бас тартып, әділет министрлігін сатып кетті», - делінген Ақ Үй мәлімдемесінде.
Ақ Үй Йейтстің Барак Обама әкімшілігінде жұмыс істегенін еске салды.
АҚШ бас прокуроры міндетін атқарушы, бұрынғы президент Барак Обама тағайындаған Салли Йейтс әділет министрлігінің заңгерлеріне Трамптың көші-қон туралы атқару жарлығын сотта қорғамау туралы тапсырма берген.