Трамвай қағып кеткен оқушының отбасына тасымалдаушы компания көмек көрсетеді

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Трамвай қағып кеткен екі оқушы қыздың отбасына «Павлодар трамвай басқармасы» АҚ тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Компанияның қара жамылып отырған отбасыларға көмек көрсетуге дайын екендігі туралы тасымалдау өнеркәсіп қозғалысы қызметінің бастығы Антонина Рыбалко хабарлады. «Қайғылы жағдай орын алған отбасыға көңіл айтқым  келеді. Жүргізуші бес жылдан бері трамвай айдап келген, тәжірибелі жүргізуші. Бүгін ол жолға шықпас бұрын рейсалды сараптамадан өтті, жүріп кететін кезде жағдайы қалыпты болған. Вагонда ешқандай техникалық ақау анықталмады», - деді ол.

А.Рыбалконың айтуынша, «Павлодар трамвай басқармасы» АҚ басшылығы зардап шеккен отбасымен байланысып, жол-көлік апаты кезінде аман қалған сегіз жасар қыздың жатқан ауруханасына барып, туыстарымен сөйлескен.

«Біз барлық қажетті көмекті көрсетеміз, - деп атап өтті Антонина Рыбалко. - Қазір бізде жиналыс болады. Кезектен тыс нұсқаулық өткізіледі. Бұл жағдай әр трамвай жүргізушісіне жеткізіледі. Сәйкесінше, осындай жағдай қайталанбас үшін барлық трамвай жүргізушілері қайтадан емтихан тапсыруы мүмкін. Ол жақында ғана қайта аттестациялаудан өткен еді - бізде жыл сайын қайта аттестациялау болып тұрады. Ол жол қозғалысы ережесі бойынша емтиханды сәтті тапсырып шыққан болатын. Вагонда ешқандай ақау жоқ, бізде тұр. Әрине, ол бізде тұрғанымен, оны желіге жібермейміз». 

Соңғы жаңалықтар