Кәсіпорынның айтуынша, жаңа «түнгі тариф» кешкі сағат тоғыздан түнгі бірге дейін қолданылып, осы уақыт арасындағы жолақы 80 теңгені құрайды. Күндізгі жолақының тарифі өзгеріссіз 55 теңге болып қала береді. Сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз етілмеген азаматтарға арналған жеңілдетілген жолақы да еш өзгеріссіз қалмақ.
08:18, 07 Қараша 2013
Трамвайдағы «түнгі тариф»
АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Павлодарда 16 қарашадан бастап трамвайда жүру жолақысына «түнгі тариф» енгізілуде, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ хабарламасына сілтеме жасап.