«Трансаэро» әуе компаниясы өз қызметін тоқтатты
09:42, 26 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Трансаэро» әуе компаниясы 26 қазаннан бастап РФ Көлік министрлігінің пайдаланушы сертификатын жою туралы шешімі бойынша қызметін тоқтатты, деп хабарлады Би би си.
Тасымалдаушының операциялық басқаруындағы «Аэрофлот» 15 желтоқсанға дейін «Трансаэро» жолаушыларын тасымалдауды жалғастырады, сондай-ақ 15 желтоқсаннан кейін ұшу күнінен бастап төленген билеттерге ақша төлейді. Қазір «Аэрофлоттың» операциялық басқаруымен 2015 жылғы 15 желтоқсанға дейін «Трансаэро» сатқан 1,925 млн. әуе билеттері бар адамнан 1,825 млн адам тасымалданды, бұл жалпы билет санының 95 пайызын құрайды. 15 желтоқсанға дейін «Трансаэро» әуе компаниясының рейстеріне брондалған билеттері бар 100 241 жолаушыны тасымалдау қажет, деп хабарлады «Аэрофлот» компаниясының баспасөз қызметінен. Фото: Евгений Биятов