Бұдан басқа, апат салдарынан жарақаттанған жолаушыларға 6 мың доллардан берілмек.
Компания қайғылы оқиға құрбандары туралы деректерді нақтылады: 48 адам мерт болып, 10 адам ауруханаға жеткізілген.
ATR-72 ұшағы Пэнху (Қытай мен Тайвань аралығында орналасқан) архипелагындағы Магун қаласының әуежайына қонар кезде апатқа ұшырады. Лайнер Гаосюннен Магун қаласы бағдарындағы GE222 рейсті орындаған.
Ұшақтың осы өңірде «Матмо» дауылы соққан кезде, ауа райының қолайсыз жағдайында қонғаны хабарланды.
Келеңсіз жағдайдан кейін Магун қаласының әуежайы жабылды.