Қор басшысының айтуынша, қазірдің өзінде трансформация бағдарламасы бойынша еншілес компаниялар Директорлар кеңесінің негізгі қызметтер көрсеткіші әзірленген. Онда аталған компаниялар үшін оларға ұқсас әлемдегі компаниялар көрсеткіштері негізінде мақсаттар мен міндеттер айқындалады. Ал Директорлар кеңесі өз кезегінде әрбір топ-менеджерден бастап, орта буын басшылары мен қатардағы қызметкерлер үшін негізгі қызметтер көрсеткішін айқындайды.
«Осылайша, біз нақты жағдайға сүйене отырып, әрбір қызметкердің пайдасын, оның белгілі бір нәтижеге қатысуын бағалайтын боламыз. Тұтастай алғанда, «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы трансформация бағдарламасын жүзеге асыру арқылы алдағы 3-4 жылдың ішінде шамамен 100 миллиард экономикалық тиімділікке қол жеткізуді болжайды», - деді Ө. Шөкеев.
«Трансформацияның нәтижелілігіне келсек, тек бір ғана «Қазақстан темір жолы» компаниясының өзі жыл сайын 20 миллиард теңге пайда көретін болады. Салыстырмалы түрде алсақ, «Қазақстан темір жолының» былтырғы жылғы таза табысы 27,3 миллиард теңгені құрады. Ал біз осы бағдарламаның арқасында ол көрсеткішті екі есеге жуық артта аламыз», - деді Қор басшысы.