12:02, 10 Мамыр 2009
Трансформаторлық стансаның өртенуі салдарынан Алматы облысында 70 жеке тұрғын үй үй жарықсыз қалды
АСТАНА. Мамырдың 10-ы. ҚазАқпарат - Алматы облысының Сырымбет ауылында № 560102 трансформаторлық стансысында қысқаша тұйықталу болып,
соның салдарынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға салдарынан 70 жеке тұрғын үй жарықсыз қалып отыр. Өртті Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіруші күштері сөндірді. Қазіргі уақытта электр желісі қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталып, барлық тұтынушыларға жарық берілді.