Бұл туралы президент Трамптың трансгендерлерге әскери қызмет атқаруға тыйым салу туралы бұйрығына қарсы сот ісі аясында жарияланған Пентагон қызметтік хатында айтылған, деп жазды CBS жаңалықтар бөлімі.
- Гендерлік дисфория диагнозы немесе анамнезінде, сондай-ақ соған сәйкес белгілері бар әскери қызметшілер әскери қызметтен босатылады, - делінген құжатта.
Бұл ретте әскери қызметшінің мемлекет мүддесіне байланысты қызметте қалдырылуы мүмкін екенін айта кеткен жөн.
Мұндай ерекшелікке сәйкес болу үшін әскери қызметшілер ешқашан жынысын өзгертуге әрекет жасамағанын дәлелдеуге, сондай-ақ «әлеуметтік, кәсіптік немесе қызметтің басқа маңызды салаларында клиникалық маңызды күйзеліссіз немесе бұзылуларсыз биологиялық жынысында 36 ай қатарынан тұрақтылықты» көрсетуі тиіс.
АҚШ-тың белсенді әскери қызметкерлерінің арасында 15 мыңға жуық трансгендер бар деп шамаланып отыр.
Бұған дейін АҚШ президенті трансгендер спортшыларға әйелдер арасындағы спорттық жарыстарға қатысуға тыйым салатын жарлыққа қол қойды.