Олар маргариннің кейбір түрлерінің, спредтердің, аспаздық және басқа да май өнімдерінің құрамында болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
Өнеркәсіптік трансмайларды тұтынуды қалай азайтуға болады?
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті халыққа мынадай ұсынымдар береді:
· Сатып алмас бұрын май өнімдерінің таңбасы мен құрамын мұқият зерделеңіз.
· Өнім құрамында ішінара гидрогенделген өсімдік майларының бар-жоғына назар аударыңыз.
· Құрамында қанықпаған май қышқылдары бар өнімдерге басымдық беріңіз.
· Тағам дайындау үшін құрамында қанықпаған май қышқылдары көп өсімдік майларын таңдаңыз.
· Құрамында өнеркәсіптік трансмайлар бар өнімдерді тұтынуды шектеңіз.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес, трансмай қышқылдарын жалпы тұтыну тәуліктік рационның энергетикалық құндылығының 1%-ынан аспауы тиіс. Бұл тәулігіне 2000 ккал мөлшеріндегі рацион кезінде 2,2 грамнан аз трансмай тұтынуға сәйкес келеді. Өнеркәсіптік трансмайларды тамақтану рационынан толығымен алып тастау ұсынылады.
-Тағам өнімдерінің құрамын мұқият зерделеу және өнімдерді саналы түрде таңдау – дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру мен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөліктері,-делінген хабарламада.
Осыған дейін сүйікті тәттілердегі трансмай мөлшері жаңа стандартпен анықталатыны уралы жаздық.