АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Халықаралық Transparency International құқық қорғау ұйымы жариялаған сауалнама қорытындысына сүйенсек, әлемде жемқорлық деңгейі соңғы жылдары артқан, әрі планетадағы төрт тұрғынның бірі бір рет болса да пара берген.
ВВС-дің жазуынша, ұйым өкілдері дамыған елдерге қарағанда кедей мемлекеттерде жемқорлық екі есе көп кездесетінін алға тартуда. Құқық қорғаушылардың сөзінше, полиция мен соттар пара алуға жиі ашық болады, алайда дәл саяси партиялар пара алудың түйіні ретінде қарастырылады.
Есепте Британиядағы жемқорлықтың өсімі ерекше атап өтілген. Transparency мәліметінше, өткен жылы британдықтардың 5 пайызы пара берген екен, бұл көрсеткіш 2010 жылғыдан бес есеге артық.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.