Трансшекаралық өзендерді қорғау жөніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен комиссиясының кезекті отырысы өтті

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат- Астанада Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен комиссиясының 10-шы отырысы өтті.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Комиссия отырысы барысында тараптар трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау саласындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын одан әрі жылжыту бағытындағы атқарылған жұмыстардың нәтижелерін жоғары бағалады. Бұдан бөлек, комиссия екі ел арасындағы суды бөлу туралы келісімді әзірлеудегі ілгерілеушілікті ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, жиын барысында трансшекаралық өзендер бойында бірлескен су нысандарының құрылысын салу туралы мәселелер қарастырылды. Басқосудың қорытындысы ретінде бірлескен комиссияның 2013 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.