«Трассадағы медициналық-құтқару бекеттері денсаулық сақтау құрылымына, облыстық денсаулық сақтаубасқармаларына берілуі тиіс деп есептейміз. Мұндағы қаржыландыруды өзмойнымызға аламыз. Яғни, облыстық жедел жәрдем станциясы құрылымында олардықаржыландыруға әзірміз. Бірақ, кей өңірлер қарсы шықты. Менің ойымша, оларқаржыландыру болмағандықтан қарсы болып отыр», - деді Е. Біртанов елордадаминистрлік алқасының кеңейтілген отырысында.
Осыған байланысты Е. Біртанов вице-министрге қаржыландыру бойыншаӘлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен бірлесіп жұмыс істеуді тапсырды.
«Күн сайын адамдардың жол апатынан зардап шеккені туралы ақпараттүседі. Арасында ажал құшқандары да бар. Барлық жерде жедел жәрдем жұмыс істепжүр. Трассадағы құтқару бекетінің көмек көрсеткенін естімеппін. Ең алдыменжедел жәрдем бригадасының белгілі бір уақытта жеткенін көрсетеді, олардыңжылдамдықтары жаман емес», - деді ол.
Сондай-ақ, министр трассадағы медициналық-құтқару бекеттеріне барғанынайтты.
«Құтқару бекеті деген аты ғана бар. Менің ондағы көргенім - нағыздеградация. Көліктері қираған, мамандары әлсіз, тіпті ауруды басатын және әсерікүшті препараттарға лицензиясы жоқ. Шокқа қарсы шараны қалай жасайтындарытүсініксіз. Сондықтан, бұл қызметті қолға алу қажет», - деді Е. Біртанов.
Бұған дейін министр ана өлімі көбейген өңірлерді сынға алған болатын.