Травматикалық қару да ажал құштыруы мүмкін - Мәжіліс Төрағасы

Фото: None
АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Мәжілісте өтіп жатқан «Травматикалық қару: заңнамалық реттеу мәселелері» тақырыбындағы «Дөңгелек үстел» отырысында азаматтық жауапкершілік басты назарда болды.

Басқосуда тек қаруды қолданған адам ғана емес, сол қаруды сатқан адам да жауап беруге тиіс екендігі айтылды.

- Травматикалық қару да ажал құштыруы мүмкін. Әрбір азамат өзінің іс-әрекетіне толықтай жауапкершілікті өз мойнына алуға тиіс, - деп атап өтті Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар сондай-ақ, әрқашанда бірінші кезекте, жалпыға ортақ адами құндылықтар тұруы керектігін баса айтты.