Тректегі велоспорттан әлем чемпионатында Қазақстан командасы қандай нәтиже көрсетті
14:04, 21 Қазан 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Баллерупте (Дания) тректегі велоспорттан әлем чемпионаты аяқталып, спортшылардың нәтижесі белгілі болды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Отандық құрамадағы үздік спортшы болып Кирилл Курдиди танылды. Ол гит бойынша финалға жетіп, онда 7-орыннан көрінді. Омниум бойынша жарыс жолына шыққан Рамис Дінмұхаметов 18-орын алса, шығып қалуға жарыстан 14-орыннан көрінді.
Қуалап жарысудан Илья Қарабұтов 20-орынға жайғасты. Ал Әлішер Жұмақан ұпай бойынша 16-шы болып келді.
Кейрин бойынша Кирилл Курдиди 23-ші болып жетсе, Илья Қарабұтов скрэтч бойынша жүлде алу үшін барын салды, нәтижесінде мәреге 19-шы болып кесті.
Айта кетелік, чемпионатқа Қазақстан атынан барлығы төрт спортшы қатысты.